$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда көлік жөндеу орталығының қызметкерін бір топ жігіт ұрып, комаға түсірді (ВИДЕО)

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Алматыда көлік жөндеу орталығының қызметкерін бір топ жігіт ұрып, комаға түсірді (ВИДЕО)
Фото: threads/_atr077

Алматыда көлік жөндеу орталығының қызметкерін кешкі уақытта ұрып, өлтіріп кеткені белгілі болды. Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жантүршігерлік оқиға 10 ақпан күні сағат 17:18-де болған. Жағдайдың қалай болғанын марқұмның ұлы әлеуметтік желіде жариялады. Айтуынша, әкесін үш ер адам жабылып ұрып кеткен. Күтпеген соққы алдымен көшеде басталып, марқұмды есінен тандырған соң көлік жөндеу орталығының ішінде жалғасқан.

«Ұйықтамағаныма үш тәулік болды, себебі көз алдымда мына видео, әкемді күтпеген соққымен есінен тандырып, адамды емес қоқысты тасығандай еденнің үстімен сүйреген. Жарты сағат бұрын ғана мына видео қолыма түсті, онда есінен танып жатқан сәтінде басынан ұрып жатқанын көруге болады. Адам еместер. Әкемді жарты сағат бойы ұрып өлтірген. Өтінемін, қоғамдық резонанс жасаңыздаршы», – деп жазды марқұмның ұлы.

Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті ресми түрде түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша Түрксіб ауданының Полиция басқармасы денсаулыққа зиян келтіру, яғни дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген Полиция департаментінің түсініктемесінде.