$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда 19 жастағы бойжеткен туысының алтын бұйымдарын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

Қазіргі уақытта осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда 19 жастағы бойжеткен туысының алтын бұйымдарын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген
Фото: istockphoto.com

Қарағанды қаласында алтын әшекейлерді ұрлау дерегі ашылды. Күдікті ретінде жәбірленушінің жиені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

47 жастағы қала тұрғыны Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне пәтерінен зергерлік бұйымдардың жоғалғаны туралы арызданған. Ұрланған заттардың жалпы құны 600 мың теңгені құраған.

Полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ол – арызданушының 19 жастағы жиені, туысының үйіне еркін кіріп-шығу мүмкіндігі болған.

«Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Анықталғандай, ол ұрлаған алтын бұйымдарды қаладағы ломбардтардың біріне өткізіп үлгерген. Полицейлер кепілдік түбіртектер арқылы зергерлік бұйымдарды тауып, тәркіледі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Мақалада

#Қарағанды #тонау