$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде алапат өрттен полицей бірнеше адамды құтқарды

Өрт кезінде полицейлер жатақхана тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті

Ақтөбеде алапат өрттен полицей бірнеше адамды құтқарды
Фото: freepik.com

Ақтөбе Маресьев көшесіндегі жатақханалардың бірінде өрт шықты. Алдын ала мәліметке сүйенсек, түтіннің пайда болуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қою түтін ғимарат қабаттарын басып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жедел жетті.

Полицейлер құтқарушылармен бірге тұрғындарды эвакуациялады. Ғимараттан шамамен 27 адам, оның ішінде балалар мен қарттар қауіпсіз жерге шығарылды. Жедел қызметтердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды және электр желілерін уақытылы тексеруді ескертеді.