$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көктайғақ, тұман, боран: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктердің мәліметі белгілі болды

Көктайғақ, тұман, боран: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

«Қазгидромет» РМК 14-16 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктердің мәліметінше, кезеңнің басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«15 ақпаннан бастап республиканың батысына солтүстік-батыс циклоны жылжи бастайды. Ол шығыс бағытта қозғалып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынға, төменгі боранға себеп болады, сондай-ақ бүкіл ел бойынша ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына ықпал етеді.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклондарының ойысуына байланысты атмосфералық фронтальды толқындардың өтуімен бүкіл кезең бойы құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, 14-15 ақпанда кей жерлерде күшті жауын-шашын болжанады», – делінген синоптиктердің болжамында.

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ құбылыстары және тұман күтіледі.