$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.07.2020, 17:30
Жаңалықтар

Дәрі-дәрмек пен өкпе аппаратын сатып алуға, дәрігерлерді ынталандыруға 150 млрд теңге бағытталады – Байбек

Ол қазіргі жағдайдың ел Президентінің жанына топтаса отырып, бірлік көрсететін кез екенін айтты

Дәрі-дәрмек пен өкпе аппаратын сатып алуға, дәрігерлерді ынталандыруға 150 млрд теңге бағытталады – Байбек

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары короновирсутан қайтыс болған марқұмдардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

«Осынау күрделі кезеңде өз жақындары мен туыстарынан айрылған барша жанға қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Өкінішке қарай, әлемнің көптеген елдерімен қатар, Қазақстан да COVID-19 ауруы жылдам таралып отырған мемлекеттер тізіміне енді.

Қалыптасқан ахуалды ескеріп, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес шараларын күшейту туралы мәлімдеді. Олардың қатарында лабораторияларды жете жарақтандыру, төсек-орындар мен ПТР-тесттер санын арттыру шаралары қамтылған. Осы қиын жағдайды пайдаланып, пайдаға кенеліп қалғысы келетіндерге қатысты қатаң шаралар қабылданады. Бұл осындай күрделі кезең ішінде ел арасында үрей туғызып, әлеуметтік алауыздықты қоздырушыларға қатысты болмақ», - деп жазды ол.

Бауыржан Байбектің сөзінше, жалпы, дәрі-дәрмек, Өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға және басқа да шұғыл шараларға кемінде 150 млрд теңге бағытталады.

«Ел Президенті жариялаған шараларды қолдай отырып, біз #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастырамыз. Елбасының бастамасымен соңғы 3 айда 550 мыңнан астам аса мұқтаж отбасыға, яғни отбасылық коэфициентін ескергенде 2 миллиондай адамға атаулы қаржылық көмек көрсетілді. Тағы 300 мыңдай отбасы азық-түлік себеттерімен және қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 100 мың отбасыға 5 миллион маска таратылды. Осынау ауқымды жұмысқа «Jas Otan»-ның 5 мыңнан астам волонтері атсалысты»,- деді Б. Байбек.

Серіктес жаңалықтары