$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.07.2020, 18:03
Жаңалықтар

Түркістан облысына Өзбекстан мен Түркиядан дәрілер жеткізіліп жатыр

Облыстық бюджеттен дәрі-дәрмекке 500 млн теңге бөлінді

Түркістан облысына Өзбекстан мен Түркиядан дәрілер жеткізіліп жатыр

Түркістан облысы өңірде орын алған дәрі тапшылығын шешу мақсатында көршілес Өзбекстан мен Түркиядан қажетті дәрі-дәрмектерді алдырып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев журналистерге арналған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазіргі таңда біз өзбекстандықтармен байланысып, ол жақтан тізбемен дәрілерді әкелуге келістік. Бүгін облысқа екі фура дәрі келді. Антибиотиктер мен басқа да күрделі дәрілердің екінші бөлігі Түркия мемлекетінен әкелінеді. Екі айлық бізге қажетті дәрі-дәрмектер бір ай ішінде облысқа жеткізіліп, барлық емдеу мекемелеріне таратылатын болады. Дәрілерді дәріханалар арқылы шектеулі бағамен сатамыз», - деді әкім.

Брифинг барысында Өмірзақ Шөкеев облыста өкпені жасанды желдету аппаратының артығымен бар екенін айтты.

«Облыста 178  өкпені жасанды желдету аппараты бар. Одан бөлек, кәсіпкерлер демеушілік жасап, тағы 6 аппарат сатып алып беріп жатыр. Өкпеге арналған аппараттың 45-і ғана пайдаланылуда. Сондықтан бізде аппарат артығымен деп айтуға болады», - деді ол.

Айта кететіні, облыс бойынша коронавирус инфекциясын 2070 адам жұқтырған. Қазір 1911 адам стационарлық ем алып жатыр, науқастардың 9-ы – балалар. Облыс бойынша өсім 1,4%-ды құраған.

Айжан Қалиева, Алматы

Серіктес жаңалықтары