$ 491.88  585.83  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде жалған iPhone сатумен айналысқан күдікті әйел қолға түсті

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтөбеде жалған iPhone сатумен айналысқан күдікті әйел қолға түсті
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіндегі «gulim_lessbek» парақшасы арқылы екі дана iPhone 16 Pro маркалы ұялы телефон сатып алмақшы болған. Сатушы банктік қосымша арқылы 660 мың теңге сомасында төлем қабылдағаннан кейін байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде осы оқиғаға қатысы бар 32 жастағы әйелді анықтап, ұстады.

«Аталған факті бойынша алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті азаматтарға интернет арқылы тауар сатып алғанда сақ болуды, бөтен адамдарға ақша аудармауды және тек сенімді сауда алаңдары мен ресми сатушылардан ғана сатып алуды ескертеді», – делінген облыстық ПД хабарламасында.