$ 491.88  585.83  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да бұрынғы әйелін аңдып, мазасын алған ер адам сотталды

Облыста екі ер адам сотталды

БҚО-да бұрынғы әйелін аңдып, мазасын алған ер адам сотталды
Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысында екі ер адам сталкинг фактілері бойынша сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сталкинг – зорлық-зомбылық тікелей қолданылмаса да, адамның еркінен тыс жасалып, оның психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіретін әрекеттер.

Алғашқы жағдай Бөрлі ауданында тіркелді. Ақсай қаласының тұрғыны полицияға бұрынғы танысы тарапынан жүйелі түрде қудалау мен қорқытуға ұшырағаны туралы арызданған. Ер адам жәбірленушінің үйі мен жұмыс орнының маңында жиі пайда болған. Бір күні ол әйелді қолынан ұстап, жерге құлатып, физикалық күш қолдануға әрекет жасаған. Алайда куәгерлердің көмегімен тоқтатылды.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданып, сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот оған үш ай мерзімге мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіледі.

Екінші іс Бөкей ордасы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан сотқа жолданды. Үкімді Бөкей ордасы аудандық соты шығарды.

Анықталғандай, 2025-2026 жылдар аралығында ер адам бұрынғы жұбайын жүйелі түрде қудалап, оған хабарламалар мен әлеуметтік желілер арқылы қорқыту сипатындағы жазбалар жіберген. Оның әрекеттері жәбірленушіге елеулі психологиялық зиян келтірген. Сот ер адамды кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті азаматтарды адамның еркінен тыс жасалатын, қорқыныш пен мазасыздық туғызып, қалыпты өміріне кедергі келтіретін осындай әрекеттерге тап болған жағдайда, дереу полицияға хабарласуға шақырады.