$ 494.75  586.77  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев сақтандыру және қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Оны тиімді іске асыру үшін сақтандыру және құнды қағаздар туралы жаңа заңдар қабылдау қажет

Тоқаев сақтандыру және қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке 1 қыркүйекке дейін даму жоспарын енгіздуі сұрады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Әлемде банктермен қатар сақтандыру және құнды қағаздар нарығы ұзақ мерзімді капиталдың көзі саналады. Отандық қаржы жүйесіндегі сақтандыру секторының үлесі мардымсыз – 5 пайыз ғана. Мұндай жағдайды місе тұтуға болмайды. Әңгіме цифрлық технологияларды пайдалану арқылы сақтандыру өнімдерінің түрін көбейтіп, олардың қолжетімділігін арттыру жөнінде болып отыр. Сақтандыру нарығын мемлекеттің, азаматтар мен бизнестің ықтимал тәуекелдерге ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратын маңызды институт ретінде қарастырған жөн», - дейді президент.

Тоқаев атағандай, мұндай тәсілге көшу үшін дамыған елдердің үлгісіне сай міндетті сақтандыру түрлерін көбейту қажет.

«Банктер мен сақтандыру компаниялары ұзақ мерзімді қор жинауды күшейтсе, бұл құнды қағаздар нарығының дамуына тың серпін береді. Құнды қағаздардың дамыған нарығы – макроэкономикалық тұрақтылықтың маңызды көрсеткіші. Ал оның ауқымы инвесторлардың сенім деңгейі қандай екенін білдіреді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке 1 қыркүйекке дейін сақтандыру және қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Оны тиімді іске асыру үшін сақтандыру және құнды қағаздар туралы жаңа заңдар қабылдау қажет деп санаймын», - деді ол.