$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аязды күндер келе жатыр: алдағы үш тәулікте ауа райы күрт суытады

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Аязды күндер келе жатыр: алдағы үш тәулікте ауа райы күрт суытады
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. 10-11 ақпанда солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта, 11 ақпанда шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша көктайғақ, боран, желдің күшеюі күтіледі.

«Тек кезең соңында батыс антициклоны сілемінің ықпалымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Атап айтқанда, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде ауа температурасы 22-30 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін төмендейді.

Шығыста түнде 13-23 градус аяз, күндіз 12-20 градус аяз болады. Оңтүстікте түнде 10-20 градус аяз, күндіз 5 градус аяздан 5 градус жылуға дейін күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.