$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы – Қордай бағытындағы жол уақытша жабылды

Қарлы боран мен көрінудің нашарлауына байланысты шектеу енгізілді

Алматы – Қордай бағытындағы жол уақытша жабылды
Фото: istockphoto.com

Алматы – Қордай арасындағы республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазавтожол мәліметінше, өңірде ауа райының күрт бұзылып, жол бойында көріну қашықтығы айтарлықтай төмендеген. Осыған байланысты қауіпсіздік мақсатында аталған бағытта көліктердің жүруіне шектеу қойылды. Қызметтер жүргізушілерге сапарды кейінге қалдыруды және балама жолдармен өз бетінше айналып өтуге тырыспауды ескертті.

Шектеу Жамбыл облысы аумағындағы «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» халықаралық дәлізінің Қордай асуындағы жаңа айналма жолдың 143–214 шақырым аралығына, яғни Алматы облысы шекарасынан Қордай ауылына дейінгі бөлігіне қатысты.

Жолды 09 ақпан сағат 02:00-де қайта ашу жоспарланған. Мамандар жолдағы ахуал тұрақталғанша қозғалысқа қатысты шектеулер сақталатынын мәлімдеді.