$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскемен–Зайсан әуе рейсі қайта іске қосылады

Әлеуметтік маңызы бар бағыт 2026 жылға арналған субсидия есебінен жанданады

Өскемен–Зайсан әуе рейсі қайта іске қосылады
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен мен Зайсан қалалары арасындағы әуе қатынасы мемлекеттік субсидиялау конкурстары аяқталғаннан кейін қайта іске қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2026 жылға арналған бюджеттен әлеуметтік маңызы бар бағытты қаржыландыру қайта қаралып, тиісті қаражат бөлінді. Нәтижесінде Өскемен–Зайсан рейсі өңірлік әуе қатынасы кестесіне енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, әуе тасымалдаушысын анықтау жөніндегі конкурс рәсімдері толық аяқталып, рейсті орындайтын компания белгіленген. Бұл шешім бағытты қайта жандандырып, билет құнын қолжетімді деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Билет бағасы барып-қайтуға 34 000 теңге көлемінде бекітілген. Көрсетілген тарифке салмағы 20 кг-ға дейінгі жүк тасымалы кіреді.