$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Солтүстік Қазақстанда жол апатынан екі адам көз жұмды

Жол апатынан кейін екі көлік те отқа оранған

Солтүстік Қазақстанда жол апатынан екі адам көз жұмды
Фото: © istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан екі адам тіл тартпай кетті. Жол апатынан кейін екі көлік те отқа оранған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қайғылы оқиға 7 ақпан күні сағат 15:10 шамасында «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» тасжолының 927-шақырымында, Карлуга ауылының маңында болған. 55 жастағы Toyota Camry жүргізушісі Петропавлдан Явленка ауылына қарай бағыт алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан 37 жастағы азамат тізгіндеген Shacman ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Соққының қатты болғаны соншалық, Toyota Camry мен жүк көлігінің кабинасы бірден өртенген.

Toyota жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында мерт болды; Shacman жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты, оған «кеуде тұсының соғылуы» деген диагноз қойылды.

Полиция қылмыстық іс қозғады

СҚО Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдарын бастады.

«Toyota Camry мен Shacman қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады ведомстводан.