Жаңа Конституция жайлы азаматтардың өтініші кәсіби бағдардан өтіп жатыр – Азимова
Әр отырыста комиссия өтініштерді мұқият талдайды
Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық комиссия отырысында әрбір отырыста айтылған ұысыныстар ескерлетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Азаматтардан келіп жатқан әрбір ұсыныс мұқият зерттелуде, жан-жақты талқыланып, кәсіби бағалаудан өтіп жатыр. Әрбір отырыста біз комиссия мүшелерінің көтеріп отырған мәселелерін тыңдап келеміз. Көріп отырғаныңыздай, ұсынылған бастамалар жаңа Конституция жобасын жетілдіру барысында ескеріліп келеді» – деді Азимова.
Оның айтуынша, нақты ұсыныстарды оның орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды.
«Енді келесі отырыстарда осындай форматпен тағы да баяндамалар жасайық. Бақыт Маратұлы, келесі комиссия отырысына бүгінгі ұсыныстарды ескеріп, жиынтық кестені бізге ұсынуыңызды сұраймын», – деді ол.
Конституциялық комиссияның келесі отырысы 9 ақпанда өтеді.