Астанада ауа райына байланысты рейстер кешігіп ұшып жатыр
Әуежай жолаушыларға арнайы үндеу жасады
Астанадағы халықаралық әуежайда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты рейстердің кешігуі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуежайдың мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Бүгін әуежайда ұшып шығатын 79 рейс, ұшып келетін 78 рейс жоспарланған. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
«Қазіргі жағдай: келу бойынша 10 рейс, ұшып шығу бойынша 2 рейс кешіктірілді. Кешігудің себебі – ауа райы жағдайлары», – делінген хабарламада.
Әуежай әкімшілігі жолаушыларға рейстердің нақты статусын әуе тасымалдаушылардан нақтылап, www.nn-airport.kz сайтындағы онлайн-таблоны қадағалап отыруды ұсынады.