05.02.2026, 12:21
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды
Сот барысында ол өз кінәсін мойындаған жоқ
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысының Бесқопа ауылында сот 53 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол келінін зорлады деп айыпталған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмыс ер адамның ұлының үйінде болған. Зардап шеккен келіншек 22 жаста. Оқиға жұбайы жоқ кезде болған.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам алкогольдік мас күйде болған. Оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға арызбен жүгінген. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.
Алайда сот ер адамның қылмысқа қатысы дәлелденді деген қорытындыға келді. Алға аудандық соты айыпталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды