$ 498.65  589.06  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Nishan-e-Pakistan ордені Мемлекет басшысының халықаралық деңгейдегі беделі мен еңбегіне берілді

Тоқаев Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік марапаты — Nishan-e-Pakistan орденімен наградталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Салтанатты рәсім Исламабад қаласында өтті. Мемлекет басшысына орденді Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф табыстады. Іс-шараға Пәкістан Үкіметінің мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштердің жоғары басшылық құрамы және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Nishan-e-Pakistan ордені елдің дамуына айрықша үлес қосқан Пәкістан азаматтарына, сондай-ақ шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлеріне беріледі. Бұл марапат Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық аренадағы беделін, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы саяси-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін айқындайды.