04.02.2026, 14:45
Жаңалықтар
Қазақстанда радио мен телеарналар уақытша тоқтатылады
Жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізіледі
Фото: istockphoto.com
«Қазтелерадио» АҚ ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізілетіні туралы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оператордың мәліметінше, жұмыс 2026 жылдың 5 ақпанында бекітілген кестеге сәйкес сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.
Профилактикалық жұмыс жүргізілетін кезеңде мына қызметтер уақытша тоқтатылуы мүмкін:
- OTAU TV спутниктік теледидары,
- эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату,
- деректерді беру және телефония қызметтері.
«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, абоненттерге түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
06.11.2026, 08:22
Ауылдағы жанжал атысқа ұласты: Жамбыл облысында екі адам жараланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды