$ 503.44  593.35  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық жас теннисші әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Ол 12-орыннан 9-орынға көтерілді

Қазақстандық жас теннисші әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді
Фото: Қазақстан Теннис федерациясы

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open-2026 турниріндегі сәтті өнерінің арқасында ITF Juniors рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан қаласының тумасы 12-орыннан 9-орынға көтеріліп, карьерасында алғаш рет әлемнің ең үздік он жасөспірім теннисшісінің қатарына кірді.

Заңғар Нұрланұлы жекелей сында жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды. Бұған дейін, 2025 жылдың күзінде ол US Open Juniors турнирінің де жартылай финалына дейін жеткен. Оған дейін Қазақстаннан бірде-бір спортшы жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирлердің жартылай финалында екі мәрте қатарынан ойнамаған.

Қазіргі таңда WTA, ATP және ITF Juniors әлемдік рейтингтерінің үздік ондығында бірден үш қазақстандық спортшы бар:

  • Елена Рыбакина – Australian Open-2026 чемпионы, рейтингте 3-орында;
  • Александр Бублик – 10-орында;

Заңғар Нұрланұлы – 9-орында.