03.02.2026, 14:58
Жаңалықтар
Қызылорда облысында екі көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті
Зардап шеккендерге ТЖМ апаттық медицина оорталығының бригадасы шұғыл көмек көрсетті
Фото: ҚР ТЖМ
Қызылорда облысындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Қызылорда-Павлодар автожолындағы Шідерті кентінің маңында болды. Бұл жерге ТЖМ апаттық медицина орталығы трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы жедел келді.
«Екі жеңіл көліктің соқтығысуы нәтижесінде бес адам зардап шекті. Төртеуін АМО мамандары тексерді: екеуі Екібастұз қаласындағы ауруханаға жатқызылды, екеуі медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты. Тағы бір жәбірленушіні 103 қызметі тексерді», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, медициналық көмек уақтылы көрсетілді.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды