Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

Автор: Асыл Арман

Оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қарағанды облысында орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған Серік Сәпиев қызметінен кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Серік Сәпиевпен бірге оның орынбасары да қызметінен кетті. Оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Серік Сәпиев пен Дәурен Есімхановтың жұмыс уақытында төбелесіп қалғаны, кейіннен екеуінің арасындағы даудың себебі белгілі болды. Оқыс оқиғадан кейін Серік Сәпиев мәлімдеме жасап, себебін түсіндірді. Өз кезегінде орынбасары Дәурен Есімханов та өз нұсқасын айтты.