03.02.2026, 10:51
Жаңалықтар
Алматыда 2029 жылы қысқы Азия ойындары өтеді
Соңғы қысқы құрлықтық ойындар 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен
Фото: ҰОК
Қысқы Азия ойындары 2029 жылы Алматыда өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (OCA) ресми түрде мәлімдеді. Қабылдаушы қалаға қатысты келісімге 5 ақпан күні Милан қаласында (Италия) қол қойылады деп күтіліп отыр.
Бастапқыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясында өткізу жоспарланған болатын. Алайда қаңтар айында елдің Ұлттық олимпиадалық және паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесінің бірлескен мәлімдемесінде турнирді өткізу мерзімі белгісіз уақытқа шегерілетіні хабарланды.
Айта кетейік, соңғы қысқы құрлықтық ойындар 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен еді.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды