Жамбыл облысында аурухана құрылысы кезінде миллиондаған теңге орынсыз жұмсалған
Прокуратура арнайы хабарлама жариялады
Жамбыл облысында прокурорлар аурухана құрылысы кезінде бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Талас ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсау заңдылығына талдау жүргізді.
Талдау барысында аудандағы көпсалалы орталық аурухананы күрделі жөндеу кезінде (аяқталу мерзімі – 2026 жылғы шілде) мердігер ұйымға құрылыс жұмысының жалған орындалу актілері негізінде 16 млн теңгеден астам қаражат негізсіз төленгені анықталды.
Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Жамбыл облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына авторлық және техникалық қадағалаушыларды жоғарыда көрсетілген актілерге қол қойғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қадағалау актісін енгізді.
Алайда басқарма прокуратураны хабардар етпей, ұсынысты қарап, құқық бұзушылықтың жоқтығын алға тартып, оны орындаусыз қалдырған.
Осы ретте прокурорды хабардар етпегені үшін басқарма ӘҚБтК-нің 666-бабы бойынша 100 АЕК айыппұл мөлшерінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
«Прокуратура актісін қарау қорытындысы бойынша мердігер барлық жұмыстарды толық көлемде орындады. Сонымен қатар авторлық және техникалық қадағалау органдары ӘҚБтК-нің 317-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, әрқайсысына 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Прокурордың ұсынуы бойынша шара қолданбағаны, сондай-ақ прокурорды хабардар етпегені немесе уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастарылғанын еске саламыз», – делінген прокуратура хабарламасында.