02.02.2026, 10:00
Жаңалықтар
Иранда тәртіпсіздік құрбандарының аты-жөні жарияланды
131 адамның тұлғасы анықталмаған
Фото: pixabay.com
Иран президенті әкімшілігі елдегі соңғы наразылық акциялары кезінде қаза тапқан адамдардың аты-жөні көрсетілген тізімді жариялады. Құжатта барлығы 2 986 адамның есімі көрсетілген, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Президенттің тапсырмасына сәйкес қосымшада 2 986 адамның тізімі жарияланып отыр», – делінген әкімшілік хабарламасында.
Сонымен қатар хабарламада ресми дерек бойынша қаза тапқандардың жалпы саны 3 117 адам екені, ал жарияланған тізім мен бұл көрсеткіш арасында 131 адамға айырмашылық бар екені жазылған.
Билік өкілдерінің түсіндіруінше, аталған 131 адамның жеке басы әзірге анықталған жоқ. Олардың есімдері кейінірек қосымша тізімде жарияланады.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды