02.02.2026, 09:25
Жаңалықтар
Қазақстанның 8 облысында тасжолды қалың қар басып қалуы мүмкін
Республикалық автожолдардағы жағдай белгілі болды
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT
Қазақстанның 8 облысындағы тасжолда қарлы ауа райы болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2 ақпан күні Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан мен Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар жауады деп болжанып отыр.
Осыған байланысты жүргізушілер жолға шығар алды сапарын алдын ала жоспарлап, сақтықты күшейтуі қажет:
- көріну қашықтығы мен жол жамылғысының жағдайына сай қауіпсіз жылдамдықты таңдаңыз;
- арақашықтықты сақтап, күрт маневр жасаудан аулақ болыңыз;
- Жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстанып, өзіңіздің және өзгелердің қауіпсіздігін бірінші орынға қойыңыз.
«Жолдағы ахуал және мүмкін болатын шектеулер туралы нақты ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып біле аласыз», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды