Алматыда мемлекеттік университет ғимараты заңсыз жеке қолға өткен
Алматы прокуратурасы заңсыз жекешелендіруді әшкереледі
Алматы қаласының прокуратурасы жүргізген қадағалау шаралары барысында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының бір бөлігі заң талаптарын бұза отырып жекешелендірілгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру нәтижесіне сәйкес, оқу орнына тиесілі 208 шаршы метр аумақ бірнеше мәміле арқылы жеке қолға өтіп кеткен. Прокуратура бұл әрекеттерге сот тәртібімен тосқауыл қойып, даулы келісімдердің күшін жоюды талап етті. Сот талап-арызды толық қанағаттандырып, жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Қабылданған сот шешімі заңды күшіне енді.
Қайтарылған мүлікке қазіргі таңда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган тарапынан бағалау жүргізіліп жатыр. Бұл қадам активтің нақты құнын айқындап, оны әрі қарай заңды әрі тиімді пайдалануға жол ашады.
Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті пайдалану мен иеліктен шығарудың заңдылығын бақылауды күшейткенін атап өтті.