$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында түрмедегі жанжалдан кейін сотталған адам көз жұмды

Ерекше режимдегі камерада шыққан жанжал өліммен аяқталды

Абай облысында түрмедегі жанжалдан кейін сотталған адам көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Абай облысындағы ерекше режимдегі түзеу мекемесінде екі сотталған арасында жанжал шығып, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің алдын ала мәліметінше, бір камерада отырған екі сотталғанның арасында кикілжің туындаған. Жанжал төбелеске ұласып, нәтижесінде олардың бірі ауыр дене жарақатын алды. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, жәбірленуші алған жарақатынан көз жұмды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары мен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мекеме аумағындағы ахуал тұрақты, қауіпсіздік толық бақылауда.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ақпарынша, тергеу барысы ведомство басшылығының тікелей бақылауында. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді шаралар қабылданды.