$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

25 жылда 20 литр қан: Ақмолалық полицей 80 адамның өмірін сақтап қалды

Оның донорлық жолы студент кезінде басталған

25 жылда 20 литр қан: Ақмолалық полицей 80 адамның өмірін сақтап қалды
Фото: Ішкі істер министрлігі

Ақмола облысының полицейі Серғазы Мейірманов ширек ғасыр бойы тұрақты түрде донор болып келеді. Осы уақыт ішінде ол 20 литр қан тапсырып, 80-ге жуық адамның өмірін сақтауға септігін тигізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Студенттік кезден басталған мейірім

Серғазы Мейірманов қазіргі уақытта Көкшетау қалалық полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімінде аға криминалист болып қызмет етеді. Оның донорлық жолы 2000 жылы, әлі студент кезінде басталған. Сол кезде курстасының туысына шұғыл қан керек болып, Серғазы бірден көмекке ұмтылған.

«Сол кезде мен ешқандай ерлік жасамай-ақ, жай ғана қолыңды созып көмектесу арқылы біреудің өмірін сақтап қалуға болатынын алғаш рет сезіндім», – дейді полицей.

Қызмет пен қайырымдылық: 40-тан астам донация

Оқуын бітіріп, ішкі істер органдарына қызметке тұрғаннан кейін де ол бұл ізгі дәстүрін үзбеген. Серғазы «5 қайырымды іс», Жол апаты құрбандарын еске алу күні және Криминалистер күні сияқты кәсіби мерекелерге орайластырылған барлық акцияларға белсенді қатысып келеді.

Облыстық қан орталығының мәліметінше:

  • Донация саны: 40-тан астам рет қан тапсырған;
  • Жалпы көлемі: Шамамен 20 литр биоматериал;
  • Нәтижесі: 80-ге жуық адамның өмірі сақталды.

Азаматтық ұстаным және алғыс

Серғазы Мейірмановтың бұл әрекеті — нағыз азаматтық ұстанымның үлгісі. Адам жанына араша түсуді тек қызметі деп қана емес, адами парызы деп білетін тәртіп сақшысына облыстық қан орталығы мен ІІМ басшылығы атынан Алғыс хат табысталды.

Қазіргі таңда ол әріптестері мен жас мамандар арасында донорлық мәдениетті насихаттап, мейірімділікке үндеп жүрген тұлғалардың бірі.