Діни ұйымдардың қызметі қандай жағдайда шектелуі мүмкін
Олар заң аясында әрекет етеді
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық кеңестің алтыншы отырысында Конституциялық заңның жобасын таныстырды, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Дін мемлекеттен бөлек қағидаты бекітілді. Қазақстан аумағында діни ұйымдар заңға сәйкес әрекет етеді. Олардың қызметі Конституциялық құрылыс негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, адам құқықтары мен бостандықтарын, халық болмысы мен адамгершілік болмысты қорғау мақсатында шектелуі мүмкін», - деді ол.
Оның айтуынша, бұл ережелер басқа өзгерістер тығыз байланыста қарау керек.
«Қазақстан халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын құрметтейді. Мүдделі мемлекеттер мен бейбітшілік пен ынтымақтастықты, олардың ішкі ісіне араласпауды, халықапралық дауларды бейбіт жолмен шешетін сыртқы саясат жүргізеді. Негізгі құқықтар мен бостандықтар мен міндеттер тұжырымдамасында халақыраралық құқықтар ескерілді», - деді Бақыт Нұрмұханов.