WBC: Қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz
Қазақстандық боксшыларға қатысты өзгерістер келесідей:
Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов 17- орыннан 15-ке көтерілді. Айдос Ербосынұлы 32-ден 34-орынға түсіп қалды.
Орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы рейтингін жақсартып, 27-ден 16-ға көтерілді. Мейірім Нұрсұлтанов төрт орын жоғалтып, 29-позицияға орналасты. Қанат Ислам бірінші орта дивизионға 24-нөмірмен қайта оралды. Садриддин Ахмедов 34-орыннан 33-ке көтерілді. Мадияр Әшкеев рангтар туралы кестеге кіріп, 39-орынға орналасты.
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Жаңабаев 37-позицияны иеленген.
Бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев 14-орыннан 13-ке көтерілді. Жанқош Тұраров 40-нөмірмен рейтингке қосылды. Жеңіл салмақ өкілі Виктор Коточигов бұдан бұрын 38-де болса, енді 25-орынға жайғасты.