$ 501.79  595.07  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде зергер клиенттерін алдап, алтындарын ломбардқа өткізіп отырған: залал – 12 млн теңге

Оның кемінде 20 адамды алдағаны белгілі болды

Ақтөбеде зергер клиенттерін алдап, алтындарын ломбардқа өткізіп отырған: залал – 12 млн теңге
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Ақтөбе облысындағы орталық базар аумағында орналасқан зергерлік шеберханалардың бірінің зергері клиенттерін алдап, алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп отырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, зергерге қатысты азаматтардан полицияға арыз-шағымдар түскен.

Белгілі болғандай, зергер клиенттерден алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасау үшін қабылдап алған. Кейін ол бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

«Қазіргі таңда оның кемінде 20 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асады.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.