$ 501.79  595.07  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе полициясы көшенің қақ ортасында бірнеше адамды қолын байлап алып кетті

Пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер қамауға алынды

Ақтөбе полициясы көшенің қақ ортасында бірнеше адамды қолын байлап алып кетті
Фото: Ақмола облысы ПД/Видеодан скрин

Ақтөбе қаласында 21 қаңтар күні белгісіз адамдар жер үйлердің біріне жасырын кіріп, әшекей бұйымдар мен бірнеше ұялы телефонды ұрлап кеткен. Жәбірленушілерге келтірілген залал сомасы 800 мың теңгеге жуық, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, осы дерек бойынша криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде Ақтөбе қаласының екі тұрғынын ұстады. Ұсталған ер адамдардан ұрланған затта рдың бір бөлігі тәркіленді.

Тергеп-тексеру барысында күдіктілер кінәсін мойындады. Олардың тұрғын үйге күндіз үйде адам жоқ кезде пластикалық терезені итеріп ашу арқылы кіргені белгілі болды.

Ұсталғандар бұған дейін де осындай қылмыстарды жасағаны үшін сотталғанына қарамастан, өздеріне тиісті қорытынды жасамай, қылмысқа қайта барған.

«Тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, олар мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.