$ 503.35  590.63  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Интернеттегі арзан тауар тұзағы: Абай облысында алаяқтық көбейген

Полиция интернет-алаяқтардың жаңа айласын әшкереледі

Интернеттегі арзан тауар тұзағы: Абай облысында алаяқтық көбейген
Фото: istockphoto.com

Абай облысының полицейлері тұрғындарға интернет-алаяқтардың жаңа тәсілі жайында ескерту жасап, сақтық шараларын күшейтуге үндеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы уақытта өңірде онлайн-алаяқтықтың жаңа түрі белең алып отыр. Қаскөйлер әлеуетті сатып алушыларды шектен тыс арзан бағамен қызықтырып, «уақыт тығыз», «соңғы дана» деген сөздермен тауар үшін алдын ала төлем жасауға мәжбүрлейді.

Алайда ақша аударылғаннан кейін сатушы із-түзсіз жоғалып, уәде етілген тауар мүлде жеткізілмейді. Полиция мұндай жағдайлардың жиілегенін айтып, азаматтарды барынша қырағы болуға шақырады.

Құқық қорғау органдары онлайн-сатып алу кезінде тек қауіпсіз төлем тәсілдерін қолдануға кеңес береді. Банк картасының деректері, SMS арқылы келетін құпия кодтар секілді жеке мәліметтерді бөгде адамдарға беруге қатаң тыйым салынады.

Мамандар күмән тудыратын жарнамалардан бойды аулақ ұстап, тауар ұсынып отырған сатушының сенімділігін алдын ала тексеру қажет екенін ескертті. Сондай-ақ қандай да бір күдік пайда болған жағдайда алдын ала төлем жасауға асықпай, мәміледен бас тартқан дұрыс екені айтылды.