Қостанайда қоғамдық көлік қозғалысы шектеледі
Автобус күніне 8 сағат жүреді
8 шілдеден бастап Қостанайда қоғамдық көліктің жүру уақыты сағат 06: 00-ден 10: 00-ге дейін және сағат 17: 00-ден 21: 00-ге дейін шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына кейбір өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, ойын-сауық нысандары мен сауда объектілерінің жұмыс уақыты өзгерді.
Қазіргі уақытта 1 668 төсек-орын дайындалған. Оның ішінде 584 инфекциялық және 1 084 провизорлық орын бар.
«Қазір жедел медициналық жәрдем станциясы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Жедел жәрдем шақыруларының саны күніне 1400-ге дейін өскен. Қалыпты күндері 600-700 шақырту ғана болатын», - дейді облыс басшысы Архимед Мұхамбетов.