$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.07.2020, 01:53
Жаңалықтар

Каспий жағалауында итбалыққа тас лақтырғандар жазасын алады - Сәкен Ділдахмет

Елімізде аң-құсты қорлағандарға айыппұл немесе қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қарастырылған

Каспий жағалауында итбалыққа тас лақтырғандар жазасын алады - Сәкен Ділдахмет
Фото: видеокадр

Маңғыстауда итбалықты қорлағандар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«6 шілде күні Каспий теңізінің жағалауында демалып жатқан адамдардың теңіздегі итбалықты қорлап, оған тас лақтырғаны белгілі болды. Бұл факті бойынша Маңғыстау облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы облыстық полиция департаментіне хат жолдады. Онда жануарды қорлаған адамдарды анықтап, жауапкершіліке тарту жөнінде айтылған», - деп жазады Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Қазақстан заңнамасында аң-құсты қорлағандар үшін айыппұл немесе қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары