Қазақстандық мергендер стенд атудан әлемнің және Азияның рекордтарын жаңартты
Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды
Стенд атудан Қазақстан ұлттық құрамасы 11-22 қаңтар күндері Азия чемпионаты «Asian Championships 2026 Shotgun» аясында Қатар мемлекетінің Доха қаласында жоғары дайындық деңгейін және кәсіби шеберлігін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ересектер және жастар арасындағы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Қатар құрамасы 8 медальмен, ал үшінші орынға Кувейт командасы 7 медальмен шықты.
Чемпионат барысында Қазақстан спортшылары – Эдуард Эщенко, Адель Садақбаева және Элеонора Имбрагимова ерекше көзге түсті. Олар жарыс барысында әлемдік және азиялық рекордтарды жаңартты.
Жалпы, Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды, оның ішінде:
- 5 алтын,
- 4 күміс,
- 5 қола.
Жарысқа 17 елден 196 спортшы қатысты.