Көкшетауда әйел адам жақындарымен ренжісемін деп ішіп алып, рульге отырған соң полицияға ұсталды (ВИДЕО)
Көкшетауда екі күн ішінде 23 мас жүргізуші ұсталды
Көкшетауда полиция қызметкерлері алкоголь иісі сезілген әйел жүргізушіні тоқтатты. Ол өзінің бұл әрекетін отбасындағы жанжалға байланысты болғанын айтып ақталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, өткен демалыс күндері Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 23 жүргізушіні ұстаған.
Бұл оқиғалар 16-18 қаңтар аралығында тіркеліп, барлық факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Полицияның дерегінше, мұндай құқықбұзушылықтар көбіне демалыс күндері жиі кездеседі, сондықтан бұл кезеңде құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Оқиғалардың бірі Көкшетауда болған. 19 қаңтар күні таңғы сағат 5 шамасында Кәусар көшесінде Chery Tiggo маркалы автокөлік тоқтатылған. Құжаттарды тексеру барысында полиция қызметкерлері әйел жүргізушіден алкоголь иісін сезген.
Медициналық куәландыру оның орташа дәрежеде алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті. Жүргізуші отбасылық жанжалдан кейін қатты эмоционалдық күйде рөлге отырғанын түсіндірген.
Дәл осындай оқиға жас жігітке де қатысты анықталған. Lada Granta автокөлігінің иесі жүргізуші куәлігі жоқ екенін білмей, оған көлікті басқаруды тапсырған.
Тексеру қорытындысы бойынша көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші де, сондай-ақ рөлді берген көлік иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.