Жамбылда кәсіпкер 45 млн теңгені шотынан шығарып алып, өзін әдейі банкрот деп жариялаған
Алайда сот оны бәрі бір жазалады
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өзін әдейі банкрот болған кәсіпкерлерге оның ауыр зардаптары бар екенін ескертеді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, соңғы уақытта міндеттемелерін орындай алмаған немесе әдейі орындаудан жалтарған компаниялардың сот арқылы әдейі банкрот деп танылу жағдайлары жиілеп кеткен.
«Бірақ, қазір мұндай әрекеттер жазасыз қалмайды. Әдейі банкрот болудың мынандай белгілері бар: олар әдейі тиімсіз немесе жалған мәмілелер жасасу, активтерді шығару, қарыздарды өндіріп алудан бас тарту, мүлікті жасыру немесе беру, берешекті жалған арттыру, басқару және есеп жүйесін қасақана бұзу, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттер», - деп ескертеді Комитет.
Әдейі банкрот болса да бәрі бір қарызын өтеуге міндеттелген кәсіпкерлер де бар, дейді комитет.
«Мысалы, 2024 жылы Жамбыл облысында компанияның бұрынғы директоры сот үкімімен әдейі банкроттық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, ал 2025 жылы сот бұл тұлғадан компанияны банкрот деп тануға дейін шотынан шығарып үлгергерген ақша түріндегі активтер үшін кредиторлардың пайдасына 45 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алды», - деп хабарлайды комитет.
Жалпы, 2024–2025 жылдары әдейі банкроттыққа қатысты 120 әкімшілік жігн 44 қылмыстық іс қозғалған.