$ 507.05  594.82  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бораттың киімін киіп шыққан: Астанаға келген «Брюггенің» бірнеше жанкүйері қамауға алынды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта шетелдік азаматтар уақытша ұстау изоляторында отыр

Бораттың киімін киіп шыққан: Астанаға келген «Брюггенің» бірнеше жанкүйері қамауға алынды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Елордада «Астана» футбол матчы кезінде «Брюгге» командасының жанкүйерлері Бораттың костюмін киіп шыққан, оларды полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

20 қаңтар күні «Астана Арена» стадионында өткен футбол матчы барысында бельгиялық «Брюгге» командасының үш жанкүйері Бораттың костюмін киіп шыққан.

Олардың бұл әрекеті жергілікті жанкүйерлерге құрметсіздік таныту және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. «Брюгге» жанкүйерлері ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

«Қоғамдық орында мас күйінде болғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – делінген Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазіргі уақытта шетелдік азаматтар уақытша ұстау изоляторында отыр.