$ 506.7  593.14  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда әлеуметтік желіге тіркелген баланың жасын шынайы тексеретін тетік пайда болады

Бұл мәселе бойынша заң жобасы қоғамдық талқылауға шығады 

Қазақстанда әлеуметтік желіге тіркелген баланың жасын шынайы тексеретін тетік пайда болады
Фото: istockphoto.com

Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтайдағы ұсыныстар аясында заңнамаға енетін өзгерістер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысы жүйелі түрде жалғасып жатыр. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн платформалар мен масс-медиаға қатысты заңнамаға тиісті өзгерістер әзірледі. Аталған түзетулер сараптамадан өтіп, қоғамдық талқылауға шығады», - деді Балаева.

Министр айтқандай, олардың тиімді іске асуын қамтамасыз ету мақсатында Оқу-ағарту министрлігімен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, пайдаланушылардың жасын тексеру тетіктерін әзірлеу жоспарланып отыр.

«Қажет болған жағдайда жауапкершілік шараларын енгізу де қарастырылады.Сонымен қатар, халықтың медиасауаттылығын арттыру және тәуелсіз, сапалы контентті қолдау мәселесіне ерекше назар аударылады», - деді ол.