$ 507.05  594.82  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

20 күнде 200 өтініш түсті: Жұманғарин Салық кодексі жайлы ұсыныстар мұқият қаралатынын айтты

Олар бойынша түзетулердің қажеттілігі айқындалады

20 күнде 200 өтініш түсті: Жұманғарин Салық кодексі жайлы ұсыныстар мұқият қаралатынын айтты
Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін енгізу бойынша жұмыс тұрақты бақылауда екенін айтты. Кодекс қабылданған сәттен бастап жүйелі түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Барлық 20 өңірде 130 мыңға жуық бизнес өкілдерінің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылды. 1 500-ге жуық сұрақ келіп түсті, олар бойынша түсініктемелер берілді. Тұрақты кері байланыс қамтамасыз етеміз. Кодекске қол қойылған сәттен бастап 1 400-ге жуық өтініш келіп түсті, оның ішінде жылдың басынан бастап 205 өтініш», - деді Жұманғарин.

Оның айтуынша, бизнес сұрауларының көпшілігі бұл салық режимін таңдау, ұзақ мерзімді шарттарды орындау, сондай-ақ жаңа нормаларды іс жүзінде қолдану мәселелеріне қатысты болып отыр. 

«Жұмысты жеңілдету мақсатында үкімет жанынан Салық кодексін енгізу және реттеуші ортаны жеңілдету жөніндегі жобалық кеңсе құрылады. Жобалық кеңсе бизнестің өтініштері шоғырланатын, келісілген шешімдер қабылданатын және мемлекеттің бірыңғай ұстанымы қалыптастырылатын бірыңғай үйлестіру нүктесіне айналады. Барлық сындарлы ұсыныс  мұқият қаралып, қорытындысы бойынша түзетулер енгізудің орындылығы мен қажеттілігі айқындалады. Жобалық кеңсе Салық кодексінің жаңа нормаларына ешқандай қайшылықтар мен ақаусыз біркелкі, болжамды және келісілген түрде көшуді және реттеуші ортаны жеңілдетуді қамтамасыз етеді. Жоспарланған шаралар халқтың әл-ауқатының артуымен қатар жүретін одан әрі орнықты және сапалы өсу үшін негіз болады», - деді Жұманғарин.