Мемлекет басшысы Жайылғанованы, Қасымбекті және Айтахановты қабылдады

Жарияланған:
31.10.2019, 17:56

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті және Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды

akorda.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтауға байланысты конкурстың өткізілуі жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы әділ әрі ашық байқау өткізіп, ең үздік кандидаттарды іріктеудің, сондай-ақ, таяу жылдары оларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің маңыздылығын айтты.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар, әлеуметтік инфрақұрылымның ахуалы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы нысандардың құрылысы, сондай-ақ, тұрғын үй және  автожол салу жұмыстарының барысы туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын, жылу беру маусымының өткізілуін, сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмектің берілуін бақылауда ұстауға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және қалаға қосылған аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жайында баяндады. Сондай-ақ кездесу барысында Президентке Шымкент қаласын дамытудың үшжылдық жоспары ұсынылды.

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкіміне қала төңірегін электр қуаты, газ, ауызсу және жол секілді қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді  жүргізу аса маңызды екенін айтты.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Мектептерде бейнебақылау жүйесіне жауапты қызметкер бекітіледі
Су, газ, жарық және жол мәселесі: Шымкент билігінің жоспары қандай?
Алматыда жүздеген наубайхана санитарлық талапқа сай келмейді

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов