ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 872 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев қайтыс болды

Ол 55 жасында көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

«Қазақстанның Еңбек Ері», «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сайрамбай Әлімқұлұлы Дөненбаев 1965 жылы 1 сәуірде Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Алғабас совхозы, Жарлысу бөлімшесінде дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Тәуелсіздікке 10 жыл» мерекелік медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Тәуелсіздікке 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

2012 жылы «Парыз» медалімен, 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталса, 2012 жылы 13 наурызда ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен, 2013 жылғы 31 қазанда «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Ал 2018 жылы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық дамуына ерекше үлес қосқаны үшін, аса белсенді қызметі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік - «Алтын Жұлдыз» бен «Отан» орденінің иегері.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат