06.07.2020, 13:55
Жаңалықтар
Ингавиринді заңсыз сатқан Шымкент тұрғыны ұсталды
Осы іс бойынша тергеу басталды
Шымкент тұрғыны ингавиринді заңсыз сатумен айналысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бұл істі қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Жедел іздестіру жұмысының нәтижесінде, Шымкент тұрғынының жалпы құны 200 мың теңгенің дәрісін құжатсыз саудалағаны анықталған. Ол дәрінің бір қорабын 10 мыңға сатқан. Бұл дәріханадағы бағадан бірнеше есеге қымбат», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ингавириннің шекті бағасы бір қорап үшін 5640 теңге болып бекітілген. Қазір осы іс бойынша тергеу басталды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды