$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үлескерлердің 11 млрд теңгесін жеп қойғандар ұсталды

Прокуратура пәтерге салынған қомақты қаржыны қайтарып берді

Үлескерлердің 11 млрд теңгесін жеп қойғандар ұсталды
Фото: pixabay.com

Астанада тұрғын үй құрылысы саласындағы ірі заңбұзушылықтар анықталып, үлескерлердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Қала прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде өткен жылы салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатқан 61 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар 49 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.

Сонымен қатар, алаяқтық схемаларды ұйымдастырғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 5 адам жауапқа тартылды. Тергеу барысында олардың заңсыз жолмен тапқан мүлкі тәркіленді.

Сот органдары прокуратураның 900-ден астам үлескердің мүддесін қорғап берген 10 талап-арызын толық қанағаттандырды. Нәтижесінде жәбірленушілердің пайдасына 11 млрд теңгеден астам қаржы өндіріліп, заңсыз берілген 4 жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Прокуратура өкілдері тұрғындарға заң талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңға сәйкес, салынып жатқан тұрғын үйлерді сату кезінде кез келген алдын ала келісімдер жасауға тыйым салынады. Оған брондау, инвестициялық шарттар, алдын ала сатып алу-сату келісімдері де кіреді. Сондай-ақ мұндай мәмілелер тек қолма-қол емес, банктік аударым арқылы жүзеге асырылуы тиіс», – деп мәлімдеді қадағалау органы.

Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға, күмәнді келісімдерге бармауға және құрылыс компанияларының заңды мәртебесін алдын ала тексеруге шақырды.

Серіктес жаңалықтары