06.07.2020, 10:56
Жаңалықтар
Грузия Қазақстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді
Гуманитарлық жүк Тбилисиден Алматыға жеткізілді
Фото: баспасөз қызметінен
Бүгін Тбилисиден Алматыға гуманитарлық жүк келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк Тбилисиден Алматыға жетті. Оны «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвили жіберген. Енді аппараттар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелері арасында таратылатын болады.
«Қазақстан СІМ достас Грузия халқына, «Грузия индустриялық тобының» басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында.
Көп оқылған
14.05.2026, 10:40
Қызылорда облысында 14 жыл бұрын бозбаланы пышақтап өлтірген қылмыскер анықталды (ВИДЕО)
14.05.2026, 15:27
«Жұмыстан кеткіңіз келсе – кетіңіз»: Аймағамбетов «жұмыстан шыға алмай жүрген» қазақстандықтарға қуанышты жаңалық айтты
14.05.2026, 10:33
Ақмола облысында 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
14.05.2026, 16:47
Түркия Қазақстанда әскери дрон өндіретін кәсіпорын ашатын болды: Тоқаев пен Ердоған қол қойды