$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қас-қағым сәттегі қателік: Ақмола облысында әйелді пойыз басып кетті

Қауіпсіздік ережесін елемеу қайғылы жағдаймен аяқталды

Қас-қағым сәттегі қателік: Ақмола облысында әйелді пойыз басып кетті
Фото: ҚТЖ

Ақмола облысында теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған әйелді пойыз қағып кетіп, ол ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға салдарынан ауыр жарақат алған әйел жедел түрде облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсеткенімен, науқастың өмірін сақтап қала алмады.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға жол қозғалысы мен теміржол көлігін пайдалану қағидаларын өрескел бұзудың салдарынан болған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«8 қаңтар күні Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржолдағы қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді. Барлық мән-жай жан-жақты тексеріліп жатыр, тергеу аяқталған соң тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады көліктегі полиция.

Құқық қорғау органдары азаматтарды теміржолды тек арнайы белгіленген өткелдер арқылы кесіп өтуге және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары