$ 508.91  594.36  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ірі қойманы алапат өрт шарпыды: тілсіз жаумен 85 құтқарушы күресіп жатыр

Құтқарушылар үш бағытта бірдей жұмыс істеп жатыр

Алматыда ірі қойманы алапат өрт шарпыды: тілсіз жаумен 85 құтқарушы күресіп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ

Алматы қаласында Солтүстік айналым тас жолы бойындағы қоймада ірі өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Алматыдағы Солтүстік айналым тас жолында орналасқан қойма кешенін алапат от шарпыды. Қалың түтін мен жалынды басу үшін оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға 85 құтқарушы мен 22 бірлік арнайы техника тартылған. Өрттің аумағын шектеу мақсатында оқиға орнында үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылып, су жеткізу үшін арнайы өрт сөндіру көліктері іске қосылған.

Өртті сөндіру жұмыстары күрделі жағдайда өтіп жатыр. Бұған қойма ғимаратының көлемі, құрылымының ерекшелігі және жалынның жоғары қарқынмен таралуы себеп.

«Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 112-ге келіп түскен хабарлама тіркелмеді. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда», – делінген ресми хабарламада.

Құтқару қызметі жалынның көршілес нысандарға таралмауы үшін барлық қажетті күш пен құралды толық көлемде жұмылдырған. 

Серіктес жаңалықтары