$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

XVIII ғасырлық Құран Нью-Йорктың жаңа дәуірінің нышанына айналды

Зохран Мамдани бұл жәдігерді қаланың «жаңа дәуірінің нышаны» деп атады

XVIII ғасырлық Құран Нью-Йорктың жаңа дәуірінің нышанына айналды
Фото: reuters.com

Нью-Йорк тарихында алғашқы мұсылман мэрі инаугурация рәсімінде Құран ұстап ант қабылдады. Қала басшысы Зохран Мамдани ант беру кезінде XVIII ғасырда Сирияда жазылған, Осман империясы дәуіріне жататын сирек қолжазба Құранды пайдаланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Мамдани X әлеуметтік желісіндегі парақшасында салтанатты рәсімде қолданылған Құранның тарихына арнайы тоқталды. Оның айтуынша, бұл — XVIII ғасырдан бері сақталған қолжазба, кезінде атақты мәдениеттанушы әрі коллекционер Артуро Шомбургтің жеке қорында болған. Құран мәтіні қара сиямен жазылып, кей тұстары қызыл бояумен айшықталған.

«Бұл Құран — Нью-Йорк тарихындағы жаңа кезеңнің символы. Ол тек бір қауымға емес, қаланың барлық тұрғынына ортақ мәдени қазына», — деп жазды мэр.

Қала басшысының мәлімдеуінше, аталған қолжазба Нью-Йорктың Бас қоғамдық кітапханасында көрмеге қойылады. Кітапхана басшылығы жәдігердің көпшілікке қолжетімді болуын қаланың көпқырлы мәдени болмысын көрсететін маңызды қадам деп бағалап отыр.

Айта кетейік, 34 жастағы Зохран Мамдани Угандада дүниеге келген. Ол 2025 жылы 4 қарашада өткен сайлауда жеңіске жетіп, соңғы жүз жылдағы Нью-Йорктың ең жас әрі алғашқы мұсылман мэрі атанды.

Серіктес жаңалықтары