$ 508.91  594.36  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жылқы іздеп шығып, із-түзсіз кеткен ер адам тірі табылды

Қыстау қызметкері «Шолақ» карьері маңында болған

Жылқы іздеп шығып, із-түзсіз кеткен ер адам тірі табылды
Фото: pixabay.com

Ұлытау облысында мал іздеуге шығып, хабарсыз кеткен ер адам тірі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Қарсақбай ауылдық округіне қарасты Қамыс-Өткел қыстағы аумағында болған. Азаматты іздеуге құтқарушылар мен жергілікті күштер жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1988 жылы туған қыстау қызметкері 5 қаңтар күні таңғы сағат 9:00 шамасында жылқысын іздеп үйінен шыққан. Алайда сол кеткеннен қайта оралмай, жақындары алаңдап, тиісті органдарға хабар берген.

Іздестіру жұмыстарына Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері тартылды. Нәтижесінде ер адам Қамыс-Өткел қыстағынан шамамен 15 шақырым қашықтықта орналасқан «Шолақ» карьері аумағынан табылды.

«Ер адамның жағдайы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі таңда ол үйіне жеткізіліп, туыстарымен қауышты.

Серіктес жаңалықтары